Сұрамашы халімді

Сұрамашы халімді

Диана Булат

0 нравится4:0329 окт. 2026 г.

Создано в HeartMuLa

Сделайте такую же песню

Имя, воспоминание или ваши собственные стихи — за несколько минут превратятся в песню.

Сделать подарком

Промпт

1) Кеудем-ызғар, жан-дүнием, далам қар, Мен суықпын, жоламаңдар адамдар! Өзек толы өкініш пен мұз көңіл, Жазылмайтын жүрегімде жарам бар. Қайырмасы: Сұрамашы халімді, Сындырдың ғой сағымды. Мендік жүрек тағдырдың, Жазғанына бағынды. Сұрамашы халімді, Ұмыт менің барымды. Елестетіп көрі пе ең? Менсіз болашағыңды… Сұрамашы халімді! 2) Сездім бе шикілігін әлдененің?! Керексің ғой, кетпеші, қал демедім. Адамға бақыт үшін ең кемінде, Түсіндім дәл өзіндей жан керегін. Қайырмасы: 3) Өзімнен өзге ешкімге кінә артпаймын, Шын сүйсем, сезімімде тұрақтаймын. Қараңғыдан құтқарар жан жолықса, Жүрегімнің шыңынан құлатпаймын!