Достарым менің
pop

Достарым менің

Жандос Махимов

0 curtidas3:5813 de nov. de 2026

Criada com HeartMuLa

Faça uma música como esta

Transforme um nome, uma lembrança ou a sua própria letra em uma música em poucos minutos.

Transformar em presente

Prompt

Достықтың биік көтеріп сөз ұғымын, Жүрейік біздер қатайтып достық тұғырын, Достарың барда, сенімдік артып бойыңда, Алынбайтын қамал жоқ екенін ұғындым! Асарлатқан істеріңде сауап мол, Қолдап сені қуаттайтын амал сол! Ішіңдегі дертіңді сен айтатын, Достарым менің, достарым менің аман бол! Бірге жүрсең сенімдімсің өзіңе, Қайда барар қызық емес жол мүлде, Ең бастысы бірге өткен күніңді, Қызықтайсың ертеңгі сен күніңде. Таныстырып кетейін мен шетінен, Достарымды мақтап, қақпай бетінен. Өзгелерге мазақ болмай жүретін, Бөліп тұрып айтайын мен біреуден... Сабит - деген би билейді ақырын, Жандос қолдап күшейтеді қарқынын, Самат барда ішкізетін барлығын, Айтқызады ішіндегі бар сырын. Назардай сен болып көрші бауырым, Бақытжан ғой орны бөлек тәуірім, Асылхандай ішуді сен қойғанда, Жеткізесің үйлеріне барлығын. Марат барда білесің сен салмақты, Бақтиярда сабырлық бар ауқатты, Жарты жолда қалдырмайтын жапанда, Асқардай достарым бар жан-жақты. Ұста болсаң, Беріктей бол жақыным, Мақсат барда уайымсыз әр күнім, Сауда жасау әшейін ғой сән үшін, Мұрат деген кәсіпкер бар алтыным. Сүндет қой жарық қылар ғаламды, Қазыбектей жомарт жан бол жарамды. Сәні де бар, әні де бар Сәкеннің, Құрметтейміз біз әскери адамды! Достарың барда біліп жүргін қадірін, Бағалай біл уақыты мен сабырын, Аулақ болғың өтірік мақтау, күлкіден, Мен боламын Данияр деген бауырың!