
Сағынамын Мама
qweqe qweqwe
提示词
Сағыныштан тағы да тұла бойым от боп жанды, Жүрегім жылады іздеп, төгумен көз жасты қанды. Уақыт бөле алмаған, қатегез қатал жылдарым, Өзімен алып кетті өмірде теңсіз адамды. Келер деген үмітпен жатамын жолыңды аңдып, Алдар деген үмітпен теріп ұялыда санды. Енді арамызды бөлетін екі әлем мәңгі, Кешірші, мама, еркетай бұл ақылсыз балаңды. Суретіңе терміліп іш еттімді тырмалаймын, Жанымды жеп бітірді жаулап алып тарқамай мұң Мықтымын, иә, білемін, анашым, жыламаймын, Жаныма батты қатты, қалайша құламайын? Жаныңа баратындай жол таба алмай мен адастым, Кеткенде ғана білінеді адамдардың бағасы. Күннен-күнге менің бұл кеуде жатыр бүгіліп, Сен едің ұстап қалар, құласам сүйер ағашым. Сағынамын, мама, түндерімде көз ілмей, Сағынамын қатты, айтатындай сөз білмей. Іздеп келбетіңді, тым болмаса елесіңді, Жүрмін жатырқап менен, сенсіздікті дос білмей.