
Balzhanym Dep
Bimer
提示词
Теңедім өзіңді ай менен күнге, Теңедім жұлдызға қараңғы түнде. Теңедім гүлге өсірген мәпелеп, Айтқым келеді еркелетіп Балжаным деп. Теңедім өзіңді ақ ұлпа қарға Теңедім таудан аққан мөлдір суға. Теңедім жауған жаңбырға себелеп, Айтқым келеді еркелетіп Балжаным деп. Теңедім өзіңді шыңы биік Эверестке, Теңедім өзіңді Айя-София мешітке. Теңедім сені аққан жұлдызға төпелеп, Айтқым келеді еркелетіп Балжаным деп. Теңедім өзіңді алтын,күміс,маржанға, Теңедім тұңғиық терең теңіз,мұхитқа. Жаратқан сені сұлу қып қандай құдірет, Жай ғана айтқым келеді Балжаным деп. Барғым келеді Алматыға өзіңді көріп, Танысқым келеді шықсаң уақыт бөліп. Мекендеп түрлі мекенді іздесемде, Таппас едім өзіңдей сұлу көрік. Теңедім өзіңді жер менен суға, Теңедім көлде жүзген аққуға. Жаратқан сені сұлу қып қандай құдірет? Жай ғана айтқым келеді Балжаным деп.