
Сол бір кезде Кувейтте, От ұшқыны түсті жүрекке.
Bimer
프롬프트
Сол бір кезде Кувейтте, От ұшқыны түсті жүрекке. Лаулап жанған бұл жүреқ Сенен басқаны білмек пе. Умрада тағдыр тоғыстырды, Бір топта Алла жолықтырды. 11 жыл екен арамыз, Неге сені бұл шошытты? Жасың үлкен деп қашасың, Араға салып суықты... Пайғамбар мен Қадиша, Бірі 25, екіншісі қырықта. Айша анамыз ше, Айша? Қалайша қалады ол жырақта? 40 тағы жігіт қызды алар, 40 тағы қызды кім алар? Деген сөз бар қазақта!!! Махаббат қарамайды жасқа Ақыретте ұлғаймайды жасымыз жасқа. Жасамаймын мен қианат аманатқа, Ниетім сенімен қол ұстасып кіру жаннатқа. Мұсылманның уайымы ақырет, Сол ақыретте болмайықшы қара бет. Аллаһым кешір мені,кешірші, Истиғфар айтуды сен маған үйрет. Жүрейікші пайғамбар сүннетімен, Қорықпа,болады бәрі рет-ретімен! Жас айырмасын елемеші өтінем! Сенімен жаннатта болсын мекенім.